Қоғам
Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды
Астанада 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ қаладағы бірнеше нысанда іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі мәлімет бойынша дауыс беру күніне дейін 31 күн қалды. Кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына орнатылды.
Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күндер көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы саяси науқан туралы еске салады.
Дереккөз: gov.kz



