Астанада 23 шілдеде айлық жауын-шашынның үштен біріне жуығы түсті
Астанада 23 шілдеде нөсер жауып, небәрі 22 минут ішінде 11,4 мм жауын-шашын түсті. Күн бойындағы жалпы көлем 18,2 мм-ге жетіп, бұл айлық нормаға шамамен үштен біріндей болып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
23 шілдеде Астанада қанша жауын-шашын түсті
Бұдан бір күн бұрын, 22 шілдеде қалада 20,8 мм жауын-шашын түскен еді. Осылайша екі күн ішінде елордада жиынтық көлемі 39 мм жетіп, айлық норманың шамамен 70%-ын құрады.
Қатты жауын-шашын салдарынан қала аумақтарының бірқатарында су жиналып, қолайсыз жағдайлар туындаған. Осы мәселені жою жұмыстары дереу жүзеге асырылды.
Астанадағы коммуналдық қызметтердің жедел әрекеті
Елорда коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қызметтер апаттық жағдайларды жоюға және ағынды суды еркін өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындады.
- коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды тазалау;
- құбырларды бумен өңдеу;
- нөсер кәрізі жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және күтіп-ұстау жұмыстары;
Қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтер жағдайды бақылауда ұстап, қажет болған жерде қосымша шаралар жүргізетінін хабарлады.
Дереккөз: gov.kz



