Астанада ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын алу түсіндірілді

Астана қаласының Сарыарқа ауданы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Кездесуде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне бірқатар маңызды ұсынымдар жеткізілді: балаларды үнемі қадағалауда ұстау, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ терезелерге арнайы блокираторлар мен шектеуіш құрылғылар орнату қажеттілігі атап өтілді.
Сарыарқа ауданының прокуратурасы ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, балалар үшін қолайлы және қауіпсіз орта қамтамасыз етуге шақырады. Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыс аудан прокуратурасының тұрақты бақылауымен жалғасып келеді.



