Қоғам

Астанада Абай даңғылы шілдеде ішінара жабылады: не білу керек?

Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлауынша, Абай даңғылында — Ә. Сембинов көшесінен А. Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде — жол жабынына маршруттық жөндеу жүргізілмек.

Жұмыстар барысында, яғни 17-25 шілде аралығында, аталған бөлікте көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі: жолақтар біртіндеп жабылатын болады. Бұл жүргізушілер арасында кептеліс тудыруы мүмкін екені ескертілді.

Жол пайдаланушыларына — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге — маршрутын алдын ала жоспарлап, қозғалыс ұйымдастырылуындағы ықтимал өзгерістерді есепке алу ұсынылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button