Қоғам

Астана құрылысшыларына есірткіге қарсы профилактикалық дәріс өтті

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және «Астана – есірткісіз қала» бастамасы шеңберінде Алматы ауданының полиция басқармасы, прокуратурасы және әкімдігі өкілдері Sensata Group компаниясының жұмысшыларына профилактикалық дәріс өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға кәсіпорынның 50-ге жуық қызметкері қатысты. Жиында прокуратура өкілдері «Нашақорлыққа жол жоқ» атты бейнеролик көрсетіп, есірткі заттарын қолданудың зияны, заңсыз айналымға байланысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жайлы түсіндірді. Алматы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынай Мұсаева есірткіге қарсы күрестің әр азаматтың белсенді қатысуынсыз жүзеге асуы мүмкін емес екенін атап өтті.

Дәрістің бөлек блогы балалардың терезеден құлауының алдын алу және алаяқтыққа қарсы сақтық шараларына арналды. Алматы ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Ботагөз Секенова ата-аналарға терезе алдынан жиһазды алып тастауды, ашылуды шектейтін тетіктер орнатуды және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауды ескертті. Алматы ауданы әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен бірлесіп профилактикалық жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button