Қоғам

Астанада «Astana Open 3×3» турнирі аяқталды: 109 команда, 189 матч

Астана қаласындағы Триатлон саябағында 3×3 баскетболынан өткізілген «Astana Open 3×3» ашық турнирі аяқталды. Жарысқа Қазақстанның жеті өңірінен келген 109 команда қатысты — бұл жалпы саны 400-ге жуық спортшыны құрайды. Турнир туралы ақпаратты Астана әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Бәсекеге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалалары мен Ақмола облысының өкілдері қатысты. Үш жарыс күнінде белгіленген регламент пен 3×3 баскетболының ресми ережелеріне сай барлығы 189 матч өткізілді.

Турнирдің басты мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, 3×3 форматындағы баскетболды насихаттау, салауатты өмір салтын қолдау және өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайту болды. Жарыс барысында ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қоғамдық тәртіпті, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін, сондай-ақ медициналық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Турнир қорытындысында іс-шара қатысушылар мен қонақтардың жоғары бағасына ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button