Жасанды интеллект HONOR-дың әлемдік нарықтағы қарқынды өсіміне серпін берді

HONOR Kazakhstan компаниясы 2026 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша нәтижелерін жариялап, жасанды интеллект технологияларының дамуы брендтің әлемдік нарықтағы позициясын күшейтуге ықпал еткенін мәлімдеді.
Аналитикалық компания Omdia деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында HONOR алғаш рет Таяу Шығыстағы смартфон өндірушілер арасында екінші орынға көтерілді. Компанияның өңірдегі өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73 пайызды құрады.
Брендтің табысына орта-премиум сегментіндегі сұраныстың артуы әсер етті. Орта баға санатындағы смартфондар сегментінде HONOR сатылым көлемін 130 пайызға ұлғайтып, нарықтың 24 пайызын иеленген. Сонымен қатар Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде де компанияның өсімі жалғасып отыр.
Компания бұл көрсеткіштер туралы Астанада өткен Tech Club HONOR x WE Project алаңында хабарлады. Іс-шара жасанды интеллекттің медиа саласына, контент өндіруге және күнделікті өмірге әсеріне арналды. Журналистер мен блогерлер жаңа HONOR 600 сериясының AI-мүмкіндіктерімен танысып, технологиялардың даму үрдістерін талқылады.
HONOR Еуропада жеткізілім көлемін бір жыл ішінде 60 пайыздан астамға арттырып, ірі өндірушілер арасындағы ең жылдам өсіп келе жатқан брендтердің біріне айналды. Африкада өсім 101 пайызды құраса, Оңтүстік-Шығыс Азияда нарықтың жалпы баяулауына қарамастан 28 пайыздық өсім тіркелген. Ал Латын Америкасында компания сатылымды 30 пайызға ұлғайтқан.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижелерге қол жеткізуде жасанды интеллектке негізделген стратегия маңызды рөл атқарған. Қазіргі уақытта AI смартфондағы жеке функция ғана емес, пайдаланушыларға контент жасауға, өнімділікті арттыруға және цифрлық сервистермен жұмыс істеуге көмектесетін толыққанды экожүйеге айналып келеді.
Астанада таныстырылған HONOR 600 сериясында суреттерден видео жасау, фотосуреттерді интеллектуалды өңдеу, шығармашылыққа арналған AI-құралдар және Gemini интеграциясы сияқты жаңа мүмкіндіктер бар.
Компания мәліметінше, жаңа HONOR 600 сериясы халықаралық нарықтарда тұрақты сұранысқа ие болып, қолжетімді флагмандық смартфондар сегментінде екі таңбалы өсім көрсетуде. Қазақстанда да бұл модельдер сатылымның алғашқы аптасында жоғары сұранысқа ие болған.
HONOR алдағы уақытта премиум сегментті дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі мүмкіндіктерді кеңейтуге басымдық беруді жоспарлап отыр.



