Басты жаңалықтарҚоғам

Қазақстанға 34 градусқа дейін аптап ыстық келеді

Ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 28–30 сәуірге арналған ауа райы болжамында мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, алдағы үш күнде найзағайлы жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр және сулы қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

«Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сонымен қатар солтүстік және орталық өңірлерде бұл күндері негізінен ашық әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде 28–29 сәуір аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтілсе, шығыс аймақтарда 29–30 сәуір күндері жауын-шашын болмайды.

Бұдан бөлек, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Температуралық көрсеткіштерге келсек, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 28–29 сәуір түнгі уақытта ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:

  • батыста +15…+20°C
  • солтүстік-батыста +17…+25°C
  • солтүстікте +21…+26°C
  • орталықта +21…+30°C
  • шығыста +19…+27°C
  • оңтүстікте +25…+34°C
  • оңтүстік-шығыста +22…+27°C

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 27 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button