Денсаулық сақтау министрлігі дәрі бағасына қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті

Нұрлыбаев Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының үлгісін өзгерткенін атап өтті. Нақтылап айтсақ, шекті бағалар бойынша бірқатар үстемелер, оның ішінде маркетинг, тасымалдау және кедендік шығындарға үстемелер алынып тасталды.
«Бүгінгі күні бір ғана үстеме бар: зауыттың құнына. Бұл модель сынақтан өткенін ескерсек, 1 шілдеге дейін Қазақстанда тіркелген барлық дәрі-дәрмектер қайта есептелетін болады. Қазіргі уақытта аталған модельді сынауға қатысты фармацевтикалық қауымдастықпен белсенді жұмыс жүргізілуде. Тегін медициналық көмек көрсету және міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қоры аясында дәрі-дәрмек құнының арзандауы шамамен 19%, ал көтерме және бөлшек саудада 30% шамасында болады деп болжаймыз және күтеміз», – деді Ержан Нұрлыбаев.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі кейбір елдердің дәрі-дәрмектері жеделдетілген түрде тіркелетінін хабарлаған болатын.