Басты жаңалықтарБілім

Елімізде 217 мың түлек мектеппен қоштасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуын қатысты баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр.

“Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала аяқтайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Оның ішінде “Алтын белгіге” үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%”, – деді министр.

Оқу жылы “Білімім – Отаныма” атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр.

“Педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес мектеп түлектеріне  арналған “Мектебім, саған мың алғыс!” атты салтанатты шараны 23-24 мамырда өткізу ұсынылды. Аттестаттарды табыстау рәсімі 18-20 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр – 16 маусым аралығында өткізіледі”, – деді Ғани Бейсембаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button