Елімізде 217 мың түлек мектеппен қоштасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуын қатысты баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр.
«Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала аяқтайды. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%», — деді министр.
Оқу жылы «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр.
«Педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шараны 23-24 мамырда өткізу ұсынылды. Аттестаттарды табыстау рәсімі 18-20 маусым аралығына белгіленді. 9-шы және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр – 16 маусым аралығында өткізіледі», — деді Ғани Бейсембаев.