Спорт

Қазақстандық шабандоздар Ташкенттегі Еуразиялық Лига Әлем Кубогында жүлделі орындарға ие болды

2025 жылдың 17–20 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте Еуразиялық Лига Әлем Кубогының кезеңі өтті. Бұл беделді турнирге Қазақстан алғаш рет қатысып, екі спортшы қызымыз да жүлделі орындарға ие болды.

Ксения Баталова мен оның Lady Di атты аты 160 см биіктіктегі 6-шы маршрутты сәтті аяқтап, күміс медаль жеңіп алды. Ал Нурила Турисбекова Nagano B атты атымен 130 см биіктіктегі 5-ші маршрутта өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік шабандоздары қатысты. Ташкенттегі кезең Еуразиялық Лига күнтізбесінің бір бөлігі болып табылады және халықаралық маусымның маңызды кезеңі саналады. Қазақстандық спортшылардың бұл жетістігі олардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін тағы да дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button