Басты жаңалықтарЭкономика

Ұлттық банк басшысы көшедегі валюта бағамының кестелерін анархонизм деп атады

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов көшедегі валюта бағамының кестелерін ілуге неге тыйым салып жатқандарын түсіндірді, деп жазады Kazinform агенттігі.

— Жалпы мұндай шешім бизнестің құқықтарын шектейді деген көзқарастар орынсыз деп ойлаймын. Өйткені бәріміз цифрлық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Қолдағы ұялы телефонның көмегімен қазір, тіпті жапонның иені қанша тұратынын, дирхам қаншадан сатылып жатқанын қас қағымда көруге болады. Бағамды көрсетіп тұратын белгілер – тоқсаныншы жылдардан қалған анархонизм, — деді ол.

Ұлттық банк дамыған елдердің ірі қалаларында валюта бағамын көшедегі таблоға іліп қою дәстүрі қазір жоқ екенін айтады. Мұндай тәсіл туризмі дамыған қалаларда ғана сақталып отырған көрінеді.

— Бізде қандай себептерге байланысты екенін білмеймін, баға таблолары қалып қойған. Вьетнамда, Тайландта бай демалушылар келген кезде қолма-қол ақшаны жергілікті валютаға айырбастайды. Біздің экономиканың тірегі, кепілі – туризм емес. Біздің экономика қолма-қол ақшамен келетін туристерді қажет етеді деп ойламаймын. Сондықтан, осындай тетіктерді өзгертуіміз керек болды, – деді Тимур Сүлейменов.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button