Басты жаңалықтарСпорт
Астанада өтетін Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне билеттердің бағасы белгілі болды

5 наурызда Астанада өтетін бокс кешіне билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды AstanaNews.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO және IBF әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасады.
Билеттердің бағасы 20 мыңнан 225 мың теңге аралығында.
Бокс кеші 5 сәуір күні «Барыс Аренада» өтеді.