Қоғам

Астанада А.Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасындағы туннельдің бір бөлігі жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев көшесі мен Республика даңғылының арасында орналасқан туннельдің жүріс бөлігіндегі судың ағып кетуін тексеру және жою жөніндегі жұмыстардың жүргізілетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 10-15 желтоқсан аралығында қажетті тексерулер жүргізу үшін жолдың бір жолағы ішінара жабылатын болады.

Бұл ретте қозғалыс екінші жолақ бойынша ұйымдастырылатын болады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button