«Таза Қазақстан»: астаналық оқушылар жылыжайда лимон мен көкеністің түр-түрін өсіреді
Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары «Жасыл клуб» жобасы аясында «Жасыл мектеп» жылыжайында екі жылдан бері баптап, өсіріп жатқан лимон ағаштары жеміс бере бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Екі жылда бір рет жеміс беретін лимонның күтімін өздері жасаған оқушылар оның бүршік жарғанын асыға күткендерін айтады. Мектеп оқушылары бұдан бөлек, жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк көкөністері мен құлпынай, жидектер және жалбыз өсіріп келеді.
Бос уақыттарын оқушылармен бірге тиімді пайдаланатын жоба жетекшілері де өсімдіктерге күтім жасайды.
Айта кетейік, бүгінде Б.Өтемұратов қорының қолдауымен Астана қаласы бойынша №8, 20, 37, 42, 43, 49, 58, 61, 67, 68, 69, 80, 83, 88, 78, 90, 87, 82, 79 мектептері мен Сервис және туризм колледжінде жылыжайлар ашылып, оқушылар мен студенттер әртүрлі жемістерді өсіріп, өнім алып жүр.