Басты жаңалықтарҚоғам

Астанада бес бағдарға қосымша автобустар жіберіледі

Астанада 9 қарашадан бастап бес бағытқа қосымша автобустар қосылып, рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартады, деп хабарлайды AstanaNews.kz.

Жаңа автобустар №3, 15, 31, 40 және 326 маршруттарға қосылады.

— №3 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
— №15 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);
— №31 бағдар – енді 10 автобус (бұрын 7);
— №40 бағдар – енді 19 автобус (бұрын 18);
— №326 бағдар – енді 4 автобус (бұрын 3).

Графиктердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері басқа бағдарларға қосылған автобустар жөнінде хабарланады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button