Басты жаңалықтарҚоғам
Creative Aimaq — Астанада Жетісудың мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін жәрмеңке
Qazaq Creative Hub алаңында 15–16 тамызда «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Жетісу облысының дәстүрі, мәдениеті мен өнері көрермен назарына ұсынылады. Іс-шара туралы ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Creative Aimaq жәрмеңкесінің уақыты мен орны
Жәрмеңке 15–16 тамыз күндері Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub алаңында өтеді. Іс-шара екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына ашық болады.
Creative Aimaq бағдарламасы: аймақтар мен көрсетілімдер
- Welcome Zone — өңірдің табиғаты мен туризм әлеуетін таныстыратын интерактивті аймақ ашылады.
- Ұлттық аспаптар — қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары туралы шолу ұйымдастырылады.
- Nomad Art Hall — «Zhetysu Creative» бейнеролигі, Б. Римова атындағы академиялық драма театрының театрландырылған қойылымы және Nomad Style Show ұсынылады.
- Ethno Village — ұлттық тұрмыс, ат әбзелдері, ағаш және сүйектен жасалған бұйымдар көрсетіледі.
Екі күн ішінде елорда тұрғындары мен қонақтары Жетісудың ұлттық мұрасы мен шығармашылық әлеуетімен танысып, өңірдің дәстүрлері туралы толық ақпарат ала алады.
Дереккөз: gov.kz



