Культура
Достық үйінде Халық Кеңесінің өкілдері қоғам бірлігін нығайту мәселесін талқылады
Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері этномәдени бірлестіктермен, қоғамдық ұйымдардың мүшелерімен және жастармен кездесті. Жиында қоғам бірлігін нығайту мәселесі талқыланды.
Кездесу барысында Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушылар қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ ел бірлігін нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлін сөз етті.
Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы және ашық диалогты дамыту мәселелері де қаралды. Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарын талқылады.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дереккөз: gov.kz



