Общество

Сарыағашта «Жас сақшы» сыныбының оқушылары полиция басқармасының жұмысымен танысты

Сарыағаштағы полиция басқармасында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары үшін ақпараттық-түсіндіру сабағы өтті. Шараның мақсаты — жасөспірімдердің патриоттық сезімін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және құқық қорғау саласына қызығушылығын ояту.

Кездесуде оқушыларға полиция басқармасының негізгі қызмет бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауда және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицияның атқаратын рөлі түсіндірілді. Жас сақшылар жедел кезекші бөлімінің жұмысын көрді: тәулік бойы қызмет ететін мамандар азаматтардан түскен хабарламаларды қабылдап, оқиғаларға жедел ден қояды.

Одан кейін оқушылар жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты. Оларға қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауда, құқық бұзушылықтың алдын алуда және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялардың маңызы көрсетілді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button