Общество

«Ауыл құтқарушылары» 289-шы ерікті өртке қарсы құралымы Қараспан ауылында ашылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданының Қараспан ауылында 289-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Жаңа нысан 14 елді мекенде тұратын 14 мыңнан астам адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе аудан орталығынан алыс орналасқан ауылдар үшін маңызды.

Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынды. Онда жеке құрам тәулік бойы қызмет атқара алуы үшін қажетті жағдай жасалған. Төтенше жағдайлар министрлігі бекетке өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтар мен арнайы киім-кешек берді.

Жабдықтың арқасында мамандар шақырту орнына тез жетіп, өрт пен өзге де төтенше жағдайларға тиімді ден қоя алады. Бекеттің іске қосылуы шалғай елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттырып, халыққа көмек көрсету уақытын қысқартады. Іс-шара бекет аумағына ағаш отырғызумен аяқталды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button