Здравоохранение

Тұмау мен ЖРВИ-ден қорғану: Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын атады

Күз келгенде балалар мектеп пен балабақшаға оралады, ересектер жабық үй-жайлар мен қоғамдық орындарда көбірек уақыт өткізеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі тұмау мен ЖРВИ-ді жұқтыру және олардың таралу қаупін азайтатын қарапайым шараларды сақтауға шақырды.

Тұмауға қарсы екпені қашан алған жөн

Тұмаудың алдын алудың басты шараларының бірі – вакцинация. Екпені аурушаңдықтың маусымдық өсуі басталмай тұрып алған дұрыс.

Оған ең қолайлы кезең – қыркүйек пен қазан айлары. Ағзада иммундық жауап қалыптасуы үшін уақыт қажет.

ЖРВИ-дің алдын алудың күнделікті шаралары

Маусым кезінде, әсіресе қоғамдық орындарға барып келгеннен кейін қолды жуған маңызды. Бөлмені үнемі желдетіп, жиі ұсталатын беттер мен заттарды тазалап отыру да қажет.

Министрлік мынадай ұсыныстар берді:

  • Ұйқы мен демалыс режимін сақтау. Ересек адамға тәулігіне 7–8 сағат ұйықтаған жөн.
  • Дене белсенділігін сақтап, күн сайын таза ауада шамамен 30 минут серуендеу.
  • Тамақтану рационын әртүрлі ету: көкөніс, жеміс, көкөніс шөптері, ет, балық, жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар болуы тиіс.
  • Қант мол, майлы және қуырылған тағамды шектеу.

Дәрі мен ББҚ-ны өз бетінше қабылдауға бола ма

Министрлік тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) өз бетінше қабылдауға болмайтынын ескертті.

ББҚ дәрілік заттарға жатпайды. Ол вакцинацияны, толыққанды тамақтануды немесе медициналық көмекті алмастыра алмайды. Кез келген дәрі, дәруmен немесе басқа қоспаны қолданар алдында медицина маманымен кеңескен жөн.

ЖРВИ белгілері байқалса не істеу керек

ЖРВИ белгілері пайда болса, айналадағы адамдармен қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеу керек. Сондай-ақ қол гигиенасы мен респираторлық этикетті сақтау ұсынылады.

Дене қызуы көтерілсе, жағдай нашарласа немесе симптомдар анық білінсе, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button