Общество
Әскерге шақыруды кейінге қалдыру қағидаларына өзгеріс енгізу жобасы жарияланды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында әскерге шақыруды кейінге қалдыру мен шақырудан босату қағидаларына өзгеріс енгізу туралы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын жариялады.
Жоба Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізуге арналған. Аталған бұйрықпен «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген.
Нормативтік құқықтық актінің жобасымен «Ашық НҚА» порталынан танысуға болады. Құжат портал сайтында legalacts.egov.kz мекенжайы бойынша қолжетімді.
Дереккөз: gov.kz



