Общество
Талдықорғанда ЖБО камералары қоғамдық орында ішімдік ішкен жастарды анықтады
Талдықорған қаласында полицияның жедел басқару орталығының бейнекамералары қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп отырған бір топ жасты анықтады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша жастарға қатысты қоғамдық орында алкоголь ішкені үшін тиісті шаралар қолданылды.
Полиция қоғамдық орында әркім өзін еркін, тыныш әрі қауіпсіз сезінуге құқылы екенін еске салады. Ішімдік ішу, айналасындағыларға кедергі келтіру және өрескел мінез көрсету белгіленген тәртіпті бұзады, сондай-ақ басқа азаматтарға қолайсыздық тудырады. Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, өзгелерді құрметтеуге және қоғамдық тәртіп әрқайсымыздан басталатынын ұмытпауға шақырады.
Дереккөз: gov.kz



