Культура
Мәдениет саласындағы педагогтер Ұстаздар күні ведомстволық наградаларға ие болды
Ұстаздар күні мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері ведомстволық наградалармен марапатталды. Оларға кәсіби жетістігі, көпжылдық еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары 25 педагогке табысталды:
- 5 оқытушы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды;
- 4 педагогке Ы.Алтынсарин атындағы медаль берілді;
- 9 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды;
- 7 педагог «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалары 38 педагогке берілді.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл марапаттар ұстаздардың кәсіби шеберлігін, мәдениет саласындағы білім беруді дамытуға, шығармашылық дәстүрді жалғастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға сіңірген еңбегін айқын көрсетеді.
Дереккөз: gov.kz



