Культура
Түркістан облысында «Инклюзивті қоғам» жобасы аясында қамқорлық акциясы өтті
Түркістан облысында «Инклюзивті қоғам» жобасы аясында «Түркістан – қамқорлық мекені» акциясы өтті. Шара барысында «Ел жастары» өкілдері көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып, ауланы тазалап, үй шаруасына көмектесті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның мақсаты – жастар арасында өзгеге жанашырлықпен қарау қасиетін насихаттау және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Бастама қоғамдық ұйымдар мен белсенді жастарды қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге жұмылдырды.
Акция Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылды. Ол егде жастағы азаматтарға қамқорлық көрсетуге бағытталған бастамалардың жалғасы болды.
Дереккөз: gov.kz



