Общество

Астанада қоғамдық тамақтану орындарының өрт қауіпсіздігі тексерілді

Елордада Нұра ауданы әкімінің аппараты, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы және Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Тексеру барысында нысандардың техникалық және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бағаланды.

Инспекторлар кәсіпкерлер мен қызметкерлерге электр желілері мен құрал-жабдықтарды қауіпсіз пайдалану, газ баллондарын қолдану тәртібі және мангалдарды дұрыс орнату мен пайдалану ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ нысандарда жарамды өрт сөндіру құралдарының болуына және өрт дабылы жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігіне назар аударылды.

Нұра ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Абай Қабыкеновтің айтуынша, екі қабаттан жоғары тұрғын үй кешендерінде газ баллондарын пайдалану тыйым салынған, сол себепті асханаларда баллон қолданған кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау маңызды. Ол кәсіпкерлерге үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрттің алдын алу шараларын күшейтетіндерін жеткізді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button