Политика

Таразда өткен өңірлік инвестициялық штаб: жобалар, тартылған капитал және өндіріс өсімі

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров отандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысына қатысты.

Ә. Қуантыров Мемлекет басшысының тапсырмасын еске салып, өңірлік инвестициялық штабтар инвесторлардың мәселелерін, оның ішінде «қолмен басқару» режимінде жедел шешуге арналған тиімді алаңға айналуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Үкіметке жүктелген 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд АҚШ долларына жеткізу және кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту міндетін тілге тиек етті.

Өңір басшылығының басым бағыты жекелеген жобаларды іске асырудан экономиканың тұтас салаларын жүйелі дамытуға көшу болып отыр. Қосылған құны жоғары жаңа өндірістік тізбектер қалыптасып, шикізатты терең өңдеу мен экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға қажетті жағдайлар жасалуда, деді ол.

2023–2025 жылдары облыста жалпы құны 241,5 млрд теңгені құрайтын 56 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, нәтижесінде шамамен 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Қазіргі кезде өңірдің инвестициялық портфелі 116 жобадан тұрып, олардың жалпы сомасы 5,6 трлн теңгені құрайды. Бұл жобалар шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейді және негізінен өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен мен энергетика салаларында жүзеге асуда.

Жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров бірнеше өндіріс орындарының жұмысы мен инфрақұрылымымен танысты:

  • Тазабек-Досжан шаруа қожалығы — жылына 3 мың тонна томат пастасын өндіреді;
  • Тараз индустриялық аймағында орналасқан Aqtas Group ЖШС зауыты — жылдық қуаты 48 мың тонна әк өндіреді;
  • Алель Агро АҚ-ның толық циклді құс фабрикасы — жылына 70 мың тонна құс еті өндіреді және 500 тұрақты жұмыс орнын құрды.

Жамбыл облысы инвестициялық дамудың жоғары қарқынын көрсетіп келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 505,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2%-ға өскен. Осылайша белгіленген 369,5 млрд теңге жоспар айтарлықтай артығымен орындалды. Жеке инвестициялар көлемі 473,5 млрд теңгеге жетті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс 289,7 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартып, жоспарды үш еседен астам орындады және ТШИ өсімі бойынша Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты.

Другие новости

Back to top button