Общество

Есіл өзенінен жыл басынан бері 33 тонна қоқыс шығарылды

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзенін экологиялық тұрғыдан сауықтыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мамандар өзеннің су беті мен жағалау аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан үздіксіз тазартып, табиғи ағысқа кедергі болатын қамыс пен артық су өсімдіктерін шауып отыр. Жыл басынан бастап жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өзеннен 33 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.

Есіл өзенімен қатар елорданың басқа да су айдындарында тазарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Аталған шаралар қоршаған ортаның қолайлы жағдайын сақтауға, су сапасын жақсартуға және Астана тұрғындары мен қаланың қонақтары үшін жайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.

Другие новости

Back to top button