Общество

Астанада 3 500 адам жауапқа тартылды: заңсыз қоқысқа қарсы күрес

Астана қаласының Сарыарқа ауданында қоғамдық аумақтарды ластануdan қорғауға бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шаралар үздіксіз жалғасуда. Аудан прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Тархан Закарин Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында сөйлей отырып, табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылаудың басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Құқық бұзушылықтарды анықтауда бейнебақылау жүйелері, бейнеталдау құралдары, Жедел басқару орталығының материалдары, Astana Smart Innovations жүйесі, ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жүргізілетін мониторинг пен азаматтардың өтініштері пайдаланылады. «Смарт Сарыарқа» жобасы іске қосылғалы бері 600-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Саябақтар, гүлзарлар және жаппай демалыс орындары ерекше бақылауда ұсталады. Ауданда күн сайын жұмыс істейтін мобильді топтар абаттандыру қағидаларының орындалуын тексеруде.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3 500-ге жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан бері 16 ірі заңсыз қоқыс үйіндісі жойылып, олардан 16 мың тоннадан астам қалдық шығарылды. Қоқыс үйінділерінің қайта пайда болуына жол бермеу үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, «Таза Қазақстан» бастамасын табысты іске асыру үшін мемлекет, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен әрбір азаматтың бірлескен іс-қимылы қажет.

Другие новости

Back to top button