Общество

Астанада су қоймаларындағы апаттардың алдын алу рейдтері жүргізілуде

Астананың Нұра ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық прокуратурамен, төтенше жағдайлар және полиция басқармаларымен бірлесіп профилактикалық рейд жүргізді. Шара «Заң және тәртіп» нарративы шеңберінде су қоймаларындағы апат жағдайларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Рейд барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, су қоймаларында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері еске салынды. Халыққа ақпараттық жадынамалар таратылып, азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жансейіт Тынбаев бейтаныс және тыйым салынған жерлерде жүзу ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

Тұрғындарға тек ресми рұқсат етілген жағажайларды таңдау қажеттігі ескертілді, балаларды қараусыз қалдыруға болмайтыны да айрықша назарға алынды. Астанада жалпы бес ресми жүзу орны белгіленген. Нұра ауданының аумағында Орталық қалалық жағажай жұмыс істейді, онда қауіпсіз және жайлы демалысқа қажетті барлық жағдай жасалған.

Другие новости

Back to top button