Культура

THE PITCH бағдарламасында қазақстандық креативті жобаларға 1,2 млрд теңге инвестиция туралы келісім жасалды

22-27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры THE PITCH инвестициялық бағдарламасын өткізді. Бұл шараға 70 шығармашылық топ пен 83 инвестор, соның ішінде Түркия, Корея Республикасы және Сингапурдан келген өкілдер қатысты.

Қазақстандық жобаларға 1,2 млрд теңге инвестиция жөнінде келісім жасалды

Бағдарлама барысында кәсіпкерлер кино, анимация, музыка, театр, сән, дизайн, баспа ісі, білім және цифрлық технологиялар саласындағы жобаларын ұсынды. Жобаларды таныстыру және инвесторлармен жеке кездесулер өткізу нәтижесінде жалпы сомасы 2,69 миллион АҚШ долларын (шамамен 1,2 миллиард теңге) құрайтын 20 алдын ала келісім жасалды.

Келіссөздер әрі қарай жалғасады

Креативті индустрияларды дамыту қоры алдағы уақытта тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастыруға, инвестициялық келісімдер жасасуға, қазақстандық жобалардың ауқымын кеңейтуге және халықаралық нарыққа шығуына қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button