Общество

Қазақстанда халықаралық симпозиумда экология және құқық мәселелері талқыланды

Түркістан қаласында Әзербайжан, Венгрия, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның конституциялық сот өкілдері, БҰҰ мен ЕҚЫҰ сарапшылары, сондай-ақ АҚШ, Германия, Түркия және басқа елдердің жетекші ғалымдары бас қосты.

«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Симпозиумда құқық пен мәдениет, әділеттілік пен мемлекеттілік, адам құқықтары мен азаматтық жауапкершілік мәселелері жан-жақты талқыланды.

Іс-шара барысында Қазақстан Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев «Экологиялық жауапкершілік және құқық үстемдігі: қоршаған ортаны қорғаудың конституциялық негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Ол қоршаған ортаны қорғаудағы негізгі конституциялық қағидаттар мен құқық үстемдігінің маңызын атап өтті.

Симпозиум халықаралық тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салуға және экология саласындағы құқықтық тетіктерді жетілдіру бағытында ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button