Общество

Алматы полициясы биометриялық ақылды көзілдірікті сынақтан өткізді

Алматыда полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Соның бірі — бейнеталдау функциясы бар AR-ақылды көзілдірік. Бұл құрылғы адамның бет-әлпетін арнайы дерекқорлар арқылы тексеріп, жедел ақпарат береді.

Қазіргі уақытта ақылды көзілдірік пилоттық режимде, бір данамен сынақтан өтіп жатыр. Соған қарамастан, алғашқы нәтижелері бар. Жақында қала мешіттерінің бірінде осы құрылғы арқылы іздеуде жүрген азамат анықталды. Ақпарат расталған соң, ол ұсталып, әрі қарай тергеу амалдары жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды.

Технологияның ерекшелігі — қызметкер смартфон немесе планшетке алаңдамай-ақ, қажетті ақпаратты көзілдірік экранынан тікелей көре алады. Бұл әсіресе халық көп жиналатын орындарда патруль қызметін атқарғанда өте маңызды. Іздестірудегі адамдарды жедел анықтауға жол ашады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, осындай заманауи технологияларды қолдану жедел жұмысты тиімді етуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button