Общество

Қазақстан мен БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы экологиялық ынтымақтастықты күшейтуге келісті

2026 жылғы 15 қарашада Антальяда өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптары конференциясының 31-сессиясы (COP31) аясында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры Ингер Андерсен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен ЮНЕП арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, өзекті экологиялық және климаттық мәселелерді шешудегі әріптестікті күшейту жолдары талқыланды. Әсіресе пластикпен ластануға қарсы жаһандық келісім жасауға бағытталған халықаралық келіссөздер процесіне айрықша көңіл бөлінді. Тараптар Үкіметаралық келіссөздер комитетінің жұмысы туралы пікір алмасып, халықаралық деңгейде тиімді шешімдер әзірлеу үшін сындарлы диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Каспий теңізінің экожүйесін қорғау мәселелері

Тараптар Каспий теңізінің экожүйесін сақтау бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Министр Қуантыров бұл бағытта бірлескен жұмысты күшейту, мүдделі елдер мен халықаралық ұйымдардың күшін біріктіру, теңіз ортасын қорғау және аймақтағы биоалуантүрлілікті сақтау бойынша нақты әрекеттер жасау қажеттігін айтты.

Метан шығарындыларын азайту тәжірибесі

Кездесуде метан шығарындыларын қысқарту мәселелері де қозғалды. Қазақстан осы бағыттағы өз тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық ынтымақтастық пен үздік тәжірибелер алмасудың маңызын ерекше атап өтті.

ЮНЕП-пен жаңа жобаларды іске асыру

Тараптар Қазақстан мен ЮНЕП арасындағы, оның ішінде Жаһандық экологиялық қор (ЖЭҚ) аясындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызын айтты. Мақұлданған жобаларды уақытында және тиімді жүзеге асыру, жаңа бірлескен бастамаларды дамыту қажеттігі келісілді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button