Главные новости

Астанада оқушылар 2 мың кітап оқып, отбасылық кітапхана құрды

Астанадағы №76 мектеп-лицейінде оқитын әпкелі-інілі Милана мен Богдан Хегай кітап оқуды күнделікті әдетке айналдырған. Оқушылар осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық кітап оқып, өз үйлерінде жеке кітапхана жинаған.

Милана мен Богдан қазақ тілінде білім алады және екеуі де 8 «А» сыныбының үздік оқушылары қатарында. Олар қазақ тілін жақсы меңгеріп, оқу үлгерімімен ерекшеленеді. Кітапқа деген қызығушылықтары тіл байлығын арттырып, дүниетанымдарын кеңейтуге себеп болған.

Қазақ әдебиетіне ерекше қызығушылық

Милана мен Богдан қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын сүйіп оқиды. Олардың айтуынша, қазақ классиктерінің туындылары ұлттық әдебиет пен тарихты жақыннан тануға көмектеседі. Сонымен қатар шытырман оқиғалы кітаптар да оқушылардың қызығушылығын тудырады.

Жеке кітапхана – ізденістің айғағы

Бос уақытында кітап оқуды басты құндылық санайтын ағайынды оқушылар әр шығармадан жаңа білім алып, көзқарасын қалыптастырады. Бүгінде олардың үйіндегі жеке кітапхана – білімге деген ұмтылыстың белгісі. 2 мың кітап оқыған Милана мен Богданның бұл жетістігі құрдастарына үлгі болып отыр.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button