Общество

ТЖМ цифрландыруға үлес қосқан 35 IT-маман марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде азаматтық қорғау саласын цифрландыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен IT-компаниялардың мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Министрдің бұйрығымен кәсіпқойлығы мен цифрлық шешімдерді дамытуға қосқан үлесі үшін 35 адамға ведомстволық награда табысталды.

Цифрлық технологиялар қазір адам өмірін құтқару ісінде маңызды рөл атқаруда. Жыл басынан бері ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы 73 адамға көмек көрсетілді. Дрондар құтқарушыларға қол жетуі қиын жерлерді бақылауға және зардап шеккендерге жедел ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Бұл жетістіктер сенімді байланыс пен үздіксіз ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін IT-мамандардың еңбегімен тікелей байланысты. Олардың әзірлемелері құтқару бөлімшелеріне оқиғалар туралы деректерді жылдам жеткізуге, әрекеттерді үйлестіруге және уақытында көмек көрсетуге жол ашады.

Марапаттау рәсімі цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шара аясында өтті. Ведомстволық марапаттарға министрлік қызметкерлері, инженерлер, әзірлеушілер және серіктес компаниялардың инфрақұрылымға үлес қосқан мамандары ие болды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button