Общество

Ұлытау облысында мал ұрлығын болдырмау үшін профилактикалық шаралар жүргізілуде

Ұлытау облысында мал ұрлығын болдырмау үшін полиция тарапынан профилактикалық іс-шаралар қолға алынды. Биыл облыс аумағында мал ұрлығына қатысты 19 оқиға тіркелген. Жаңаарқа ауданында 13 адамнан тұратын үш қылмыстық топ анықталып, олардың сегіз қылмысқа қатысы дәлелденді.

Жылжымалы полиция бекеттері жұмыс істеуде

Облыста мал ұрлығының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жайылымдарды бақылау үшін 5 жылжымалы полиция бекеті жұмыс істеп тұр. Полицейлер бекеттер арқылы жайылымдар мен елді мекен маңындағы аумақтарды қадағалап, күдікті көліктер мен адамдарды тексеруде, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шаралар атқаруда.

Мал иелеріне қойылатын талаптар

Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Қайрбеков мал ұрлығын болдырмау үшін полицияның жедел жұмысы және тұрғындардың жауапкершілігі маңызды екенін айтты. Ол төрт түлікті қараусыз қалдырмау, жайылымда кезекшілік ұйымдастыру және малды түнде қорада ұстау қажеттігін ескертті. Бұл талаптарды сақтамау ұрлыққа жол ашады, сондықтан мал иелеріне сақ болуды тапсырды.

Профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында мал ұрлығының алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Алайда кейбір азаматтар малды кезекпен бағу және түнде қорада ұстау талаптарына немқұрайлы қарайды. Осыған байланысты полиция мал жоғалған жағдайда бірден хабарласуға кеңес береді. Уақтылы шара қолдану ұрланған малды тез табуға септігін тигізеді.

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылды

Полиция барлық азаматтарды мал ұрлығынан сақтану үшін бірлесіп әрекет етуге шақырады. Мал иелері төрт түлікті қараусыз қалдырмай, жайылымда кезекшілік ұйымдастырып, қора-жайдың қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button