Политика

Қазақстан Кишиневте Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық байланыс басымдықтарын таныстырды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Молдова астанасы Кишиневте өткен «Connectivity Platform Meeting – Digital» атты жоғары деңгейдегі жиынға қатысты. Бұл іс-шараны Еуропалық комиссия мен Молдова Үкіметі бірлесіп ұйымдастырды.

Жиынға Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Қара теңіз өңірі, Түркия, Еуропалық Одақ елдері, халықаралық қаржы ұйымдары мен технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесуде Еуропа мен Азия арасындағы қауіпсіз әрі тұрақты цифрлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстанның стратегиялық рөлі мен жаңа жоба

Панельдік сессияда Арман Исетов Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі көлік және цифрлық байланыстарды нығайтудағы мәнін атап өтті. Сондай-ақ, 2026 жылдың 15 қазанында іске қосылатын Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы «Ақтау – Сумгаит» Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің маңызын ерекше атап өтті. Бұл жоба Орталық Азия мен Еуропа арасында бірыңғай цифрлық дәліз құруға жол ашады.

Инвестициялық ынтымақтастық және технологиялық әріптестік

Арман Исетов Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бастамасы мен Байланыстылық платформасы аясында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың өзектілігін айтты. Қазақстан Еуропалық Одақпен технологиялық әріптестікті күшейтіп, өңірлік цифрлық байланысты дамытуға дайын екенін растады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button