Культура
Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық келісімге қатысты сауалнама бастады
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ашық диалог» порталында этносаралық келісім деңгейі мен осы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалауға арналған сауалнама ұйымдастырып отыр.
Сауалнама мерзімі мен уақыты
Сауалнама 2026 жылғы 3 қараша сағат 9:30-дан бастап, 30 қараша сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі.
Сауалнамаға қатысу тәртібі
Сауалнамаға кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін «Ашық диалог» порталындағы арнайы сілтемеге өту қажет: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=epir-66.
Барша тұрғындар этносаралық келісім мен мемлекеттік саясат тиімділігіне қатысты сауалнамаға белсенді қатысуға шақырылады.
Дереккөз: gov.kz



