Экономика

Қаржы министрлігінде Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде 25 қазан – Республика күніне байланысты мерекелік іс-шара өтті. Бұл шарада ведомствоның бірқатар қызметкері адал қызметі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Қаржы министрі Мәди Такиев ұжымды мерекемен құттықтап, Республика күнінің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен бірлігі үшін маңызы зор екенін атап айтты. Ол қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау, елдің дамуына жауапкершілікпен үлес қосу қажеттігін ерекше атап өтті.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерт барысында патриотизм мен бірлік, Отанға деген құрмет сезімі ерекше көрініс тапты.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button