Экономика

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өндірісі 2025 жылы 619 мың тоннаға жетті

Алматыда пластмасса және химия өнеркәсібіне арналған Plastex Qazaqstan халықаралық көрмесі өтті. Бұл шарада сала мамандарына пластмасса мен химия өнеркәсібіне қатысты жаңа технологиялар, жабдықтар және шикізат түрлері таныстырылды.

Мұнай-газ химиясы өндірісінің өсуі

Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Уркумбаев көрмеде сөз сөйлеп, еліміздің мұнай-газ химиясы өнеркәсібіндегі жетістіктер мен инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемі 619 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 73 пайызға артық. Өндірістің негізгі бөлігін полипропилен құрайды. Сонымен қатар параксилол, майлау материалдары, метил-трет-бутил эфирі және бензол да шығарылады.

Жаңа инвестициялық жобалар

Саланың дамуына ірі инвестициялық жобалар ерекше әсер етуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда полиэтилен, карбамид, бутадиен және алкилат өндіретін жаңа зауыттардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Атырау облысында жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен өндіретін интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы іске асуда. Сондай-ақ полиэтилен өндірісін шикізатпен қамтамасыз ететін газды бөлу кешені салынуда.

Басым бағыттардың қатарында Атырау облысында жылына 339 мың тонна бутадиен және Павлодар облысында жылына 100 мың тонна алкилат өндіретін кәсіпорындарды дамыту бар. Бұл жобалар көмірсутек шикізатын ел ішінде терең өңдеуге және өнім түрлерін кеңейтуге жол ашады.

Заң жобасы және мемлекеттік қолдау

Энергетика министрлігі «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» заң жобасын әзірледі. Құжат Құрылтайдың қарауына ұсынылды. Заң жобасы салаға мемлекеттік қолдау шараларын, қажетті инфрақұрылымды дамыту, шикізатпен және мамандармен қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық мұнай-газ химиясы өнімдеріне сұранысты арттыруды көздейді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button