Политика

Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

2026 жылғы 22 қазанда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің ресми сапары аясында Каирде Мысыр Премьер-министрі Мұстафа Мадбулимен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары анықталды

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, цифрлық және инвестициялық салалардағы өзара әрекеттестікті нығайту мәселелеріне тоқталды. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы сенім мен достыққа негізделген байланыстарды кеңейтуге баса мән берілді. Бірқатар жаңа уағдаластықтар бекітілді.

Сауда және көлік байланыстары

Қазақстан мен Мысыр азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Транскаспий халықаралық көлік маршрутын пайдалана отырып, Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізуге арналған қолдау тетіктерін іске қосу жолдарын қарастырды.

Энергетика және ядролық саладағы әріптестік

Кездесуде энергетика мен экология салаларындағы ынтымақтастық, соның ішінде Мысырдың «Эль-Дабаа» АЭС жобасы мен Қазақстанның бейбіт ядролық бағдарламасы аясында уран өндіру тәжірибесін бөлісу жайы сөз болды. Сондай-ақ, БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын бірге ілгерілетуге келісілді.

Ведомствоаралық жұмыс топтары құрылады

Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жедел жүзеге асыру үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға уағдаласты.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button