Общество
Абай облысында 2 760 рейд жүргізіліп, 78 заңсыз қоқыс орны жойылды
Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендердің санитариялық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері өңірде 2 760-тан астам рейд өткізіліп, абаттандыру ережелерін бұзудың 11 598 дерегі анықталды.
Рейдтік шаралар барысында қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылықтар мен қоқыс тастау фактілері анықталды. Бұдан бөлек, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды ластаудың 1 355 дерегі тіркелді. Бұл технологиялар құқық бұзушылықтарды тез анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Облыс аумағында анықталған 78 заңсыз қоқыс орны толығымен тазартылды. «Таза Қазақстан» бастамасы арқылы өңір тұрғындарына қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау маңыздылығы түсіндірілуде.
Дереккөз: gov.kz



