Общество

Петропавлда полиция дрон арқылы жол ережелерін бұзушыларды анықтады

Дрон көмегімен рейд өтті

Петропавлдың шеткі аудандарының тұрғындары жүргізушілер тәртібінің төмендігіне жиі шағымданады. Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтер өткізеді. Қаланың шығыс бөлігіндегі Береке шағын ауданы мен Жұмысшы кентінде өткен кезекті рейд барысында дрон қолданылды.

Жасөспірімдер құқық бұзды

Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізуші куәлігі жоқ, Hammer мотоциклімен жүрген 17 жастағы екі жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналарына көлік құралын басқару құқығы жоқ адамға тізгінді бергені және ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік толтырылды.

Масаң күйде өндіктегендер ұсталды

Суворов көшесінде скутер тізгіндеген 33 жастағы қала тұрғынын тоқтатты полиция. Ер адам масаң күйде болған әрі көлік басқару құқығы болмаған. Оның айтуынша, скутер көршісіне тиесілі болған әрі оны жөндеп, жұмыстың нәтижесін тексеру үшін тізгінге отырған.

Лазутин көшесінде де полицейлер үш дөңгелекті көлік жүргіткен 58 жастағы әйелді анықтады. Ол да масаң күйде болған және көлік басқару құқығы болмаған. Сот шешімімен әй­елге айыппұл салынды.

Полиция ескергіл берді

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды ережелерді қатаң сақтауға және ешқашан масаң күйде көлік тізгініне отырмауға шақырады. Масаң күйде көлік жүргізу жол-көлік оқиғасының туындау қаупін арттырады және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.

Полицейлер жол қауіпсіздігін нығайту бағытында жұмыс жүргізіп, рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button