Общество

Шымкентте ТМД елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволары басшылары кездесті

Шымкент қаласында ТМД-ға мүше елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы өтті. Отырыста Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен басқа елдердің төтенше жағдайлар ведомстволарының басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде төтенше жағдайлар кезінде бірлескен әрекет ету, тәжірибе алмасу және халықты қорғау бағытындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері басты назарда болды.

Отырыс қорытындысында тиісті құжаттарға қол қойылып, күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша келісілген шешімдер қабылданды. Сонымен бірге, ТМД елдерінің азаматтық қорғау саласындағы бірлескен жұмысты жетілдіру мақсатындағы алдағы іс-шаралар белгіленді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button