Министрлік қызметкерлеріне арналған «Заң мен тәртіп» семинары өтті
2026 жылғы 29 қазанда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі мен Заң департаменті бірлесе отырып қызметкерлерге арнап оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға 61 қызметкер қатысты.
Семинарда Құқық қорғау органдары академиясының кафедра доценті Нұрғали Рахимов «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілетудің жаңа тәсілдері және заңсыз сыйақы мен параның айырмашылықтары туралы дәріс оқыды. Бірінші бөлімде әділдік, заң алдындағы теңдік қағидаттары мен 2025–2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Мемлекеттік қызметшілердің жеке үлгісі мен басшылықтың белсенділігіне ерекше назар аударылды.
Екінші бөлімде заңсыз сыйақы үшін жауаптылық, сыйлық беруге және алуға қатысты заңнамалық шектеулер талқыланды. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың айырмашылықтары, сондай-ақ заңсыз сыйақыға байланысты жаңа өзгерістер туралы айтылды. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін заңнамадағы жаңалықтар түсіндірілді.
Оқыту семинары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын түсіндіруге және қызметте заңдылық пен адалдықты күшейтуге бағытталды.
Дереккөз: gov.kz



