Образование

Оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған бағдарламалар іске асуда

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Балалар кітапханасы» жалпыұлттық бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама балалардың кітап оқуға деген ынтасын күшейтіп, әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыруға және сапалы кітаптарға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Кітапхана қоры мен заманауи орталықтар

Бүгінде Қазақстандағы білім беру ұйымдарының кітапханаларында барлығы 142 миллион дана кітап бар. Оның 29 миллионға жуығы көркем әдебиет шығармаларына тиесілі. Соңғы жылдары мектеп кітапханалары 1,6 миллион жаңа көркем әдебиет кітабымен толықты.

Ел аумағында 1 956 мектеп пен колледжде кітапханалық коворкинг орталығы жұмыс істейді. Оқушылар бұл кеңістіктерде кітап оқумен қатар, әдеби кездесулерге, кітап талқылауларына және түрлі зияткерлік шараларға қатыса алады.

Цифрлық инфрақұрылым мен жаңа жобалар

Цифрлық кітапхана жүйесі де дамып келеді. edu.bookfund.gov.kz платформасында қазақ және әлем әдебиетінің 2 580 электрондық кітабы қолжетімді. 2026 жылғы ақпан айынан бастап Oqyrman.kz ақпараттық жүйесі іске қосылып, оқушылардың оқу сауаттылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Кітап оқуға ынталандыру шаралары

Балаларды кітап оқуға тарту үшін арнайы жобалар қолға алынған. «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының «Оқитын мектеп» бағыты аясында 680 мыңнан астам оқушы тіркелген. Олар әдеби шығармаларды оқып, түсіну деңгейін тексеріп, зияткерлік жарыстарға қатысады.

Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button