Главные новости

Астана әуежайында Республика күніне орай қонақтарға ту мен сыйлықтар таратылды

Астана халықаралық әуежайында Республика күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері елордаға келген меймандарды қарсы алып, оларға Қазақстанның мемлекеттік туы мен шоколад үлестірді. Бұл акция қала әкімдігінің қолдауымен өтті.

Мерекелік акцияға шетелдік туристер, актерлер және түрлі қонақтар қатысты. Еріктілер келген қонақтарға мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріп, Республика күні мен қазақ халқының қонақжай дәстүрі жөнінде әңгімелесті.

Республика күніне орай белгілі актер Еділ Анарбай да өз құттықтауын жолдады. Ол барша қазақстандықтарға денсаулық, бейбіт өмір және елдің өркендеуін тіледі.

Астана әуежайындағы бұл мерекелік шара елордада өтіп жатқан Республика күніне арналған іс-шаралардың бірі болды. Оның басты мақсаты – қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау және Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық мерекесінің ерекшелігін таныстыру.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button