Общество

Астанада адам құқықтары мен конституциялық реформаларға арналған халықаралық конференция өтті

Астанада «Адамға бағдарлану – Қазақстандағы конституциялық реформаның векторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шараны ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты ұйымдастырды.

Конференция барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, конституциялық кепілдіктерді күшейту және заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды. Жиынға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, шараға Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері мен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының өкілдері онлайн режимде қосылды. Қатысушылар адам құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдері мен конституциялық реформаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button